«Барыс» хоккей клубының ойындарына арнайы автобустар ұйымдастырылады

3 Қыркүйек 2019, 02:26
1348
Бөлісу:
«Барыс» хоккей клубының ойындарына арнайы автобустар ұйымдастырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚХЛ 2019-2020 жылдардағы маусымында «Барыс» хоккей клубының өз алаңында өтетін ойындарына Sport Shuttle Bus бағдарлары ұйымдастырылады, деп хабарлайды Астана LRT. 

«2019 жылдың 3 қыркүйегінен бастап ҚХЛ 2019-2020 ж. маусымында «Барыстың» өз алаңында өтетін ойындарына байланысты 4 Sport Shuttle Bus (## 805-808) бағдар ұйымдастырылады», - делінген хабарламада. 

Бағдарлардың қозғалыс кестесі жұмыс және демалыс күндеріне көрсетілген.

Сондай-ақ, бағдарлардың жүру кестелерімен (қыркүйекте) «AstraBus» және 2ГИС мобильді қосымшаларында танысуға болады.



Өзгелердің жаңалығы