Барлық жағдайды жасау қажет. Мамин жақсы жаңалығымен бөлісті

2 Ақпан 2021, 10:29
4497
Бөлісу:
Барлық жағдайды жасау қажет. Мамин жақсы жаңалығымен бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шағын және орта бизнес- экономиканың дамуына серпін беруі тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин айтты.

Шағын және орта бизнес - экономиканың дамуына серпін беруі тиіс. Ол үшін барлық жағдайды жасау қажет. Денсаулық сақтау және білім беру жүйелерін, инфрақұрылымды және нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуға ерекше назар аудару керекпіз. Үкіметтің 2021 жылы басты мақсаты экономикалық өсуді 3 пайыз қамтамасыз ету, негізгі капиталға инвестицияларды 20 пайызға дейін, жалпы ішкі өнімді және шағын және орта бизнестің үлестерін 30 пайызға ұлғайту, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 1,4 есе, өңдеу өнеркәсібін – 10 пайыз арттыру, жұмыссыздықты 4,9 пайызға дейін қысқарту, - деді Мамин.
Ол бүгін Үкіметтің отырысында Президенттің тапсырмаларын орындау шаралары бойынша мемлекеттік органдардың ұсыныстарын тыңдағанын, Мемлекет басшысының әр тапсырмасын нәтижелі әрі жедел орындау қажеттігін айтты. 
Қабылданып жатқан іс-шаралар халық пен бизнеске жан-жақты қолдау көрсетуді, сондай-ақ экономикалық белсенділікті жандандыруды қамтамасыз етуі керек. Жаңа жағдайда шикізаттық емес экспортты проактивті дамытуға және инвестицияларды нысаналы тартуға бағдарланған өзін-өзі қамтамасыз ете алатын және әртараптандырылған экономиканы дамытуға назар аударымыз қажет, - деді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы