Барлық кандидаттар азаматтық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті – Ахметов

7 Қазан 2020, 15:43
1441
Бөлісу:
Барлық кандидаттар азаматтық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті – Ахметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығында барлық деңгейдегі мәслихаттарда, соның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінде тиімді депутаттық корпусты қалыптастыру үшін кандидаттар арасында ашық іріктеу жүргізілді. Облыс басшысы, Nur Otan партиясының облыстық филиалының төрағасы Даниал Ахметов елімізде алғаш өткізіліп отырған партияішілік іріктеу праймеризіне қатысқан үміткерлермен кездесу өткізді.  

Праймеризге Шығыс Қазақстан облысынан мыңнан астам кандидат тіркеліп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ашық пікірсайыстар өткізіп, қоғамның өзекті мәселелерін шешудің жолдарын ұсынды. Дауыс беру кезеңіне 923 кандидат өтті. Халық «Праймериз» порталында қалаған кандидатына дауыс берді. 

Партияішілік сайлауға түскен барлық кандидаттар өздерінің азаматтық белсенділіктерінің жоғары деңгейін көрсетті. Сайлау нәтижесіне қарамастан, әрбір қатысушы баға жетпес тәжірибе жинақтады деп ойлаймын. Праймериз – ашық, әрі еркін ойымызбен бөлісуге, бір-бірімізді тыңдауға, саясатқа сауатты араласуға үйретті, – деді партияның облыстық филиалының төрағасы Даниал Ахметов. 
ахметов1.jpeg

Үгіт-насихат барысында кандидаттар кәсіби қызметіне сәйкес елді мекендердің бірқатар проблемалық мәселесін көрсетті. Олар өзара пікірталаста мәселелер және оның шешу жолдарын талқылады. Арнайы құрған бағдарламаларын БАҚ және әлеуметтік желілерде халық арасына белсенді таныстырды. 

Даниал Ахметовтің айтуынша, праймериз барысында 1,5 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Кандидаттар нәтижеге қарамастан мәселелердің сапалы шешілуіне мониторинг жасап, өз үлестерін қоса алады. Кездесу соңында барлық қатысушыларға Nur Otan партиясының облыстық, қалалық филиалдары төрағаларынан алғыс хаттар табыс етілді.



Өзгелердің жаңалығы