"Бәріне офицер кінәлі емес". Министрлік әскерде ақша бопсалайтындар туралы айтты

20 Қыркүйек 2024, 16:00
1074
Бөлісу:
"Бәріне офицер кінәлі емес". Министрлік әскерде ақша бопсалайтындар туралы айтты
Фото: BAQ.KZ -архив

Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскерде ақша бопсалайтын офицерлер мен сержанттар туралы айтты, деп хабалайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер ОКҚ алаңында келген генерал-майорден "Сіздерге "менің әскерде жүрген балам жиі ақша сұрайтын болып кетті" деп арнайы чатта жаза ма?" деп сұрақ қойды.

Мерзімді әскери қызметшілер ата-анасынан 2-3 мың теңге сұрайтын жағдайлары болады. Бірақ оның бәрін сол жердегі офицер немесе сержант алдырып жатыр деп айтқан дұрыс ұғым деп ойламаймын. Иә, бізде бір жағдай болған. Бір офицер әскериден 3 мың теңге алған еді. Қазір сол әрекеті үшін офицер тергеу изоляторында отыр. Тергеу жұмыстары біткен соң ҚР заңы бойынша жауапқа тартылады. Ал, жалпылама әскерлердің ата-анадан ақша сұрауына келсек, 18-19 жастағы жігіт дүкеннен заттар алғысы келеді. Әскери бөлімнің жанында дүкендер бар, міне осыдан болып ата-анада біреу баламның ақшасын алып жатыр деген ой болады, - деді Шайх-Хасан Жазықбаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскердегі әлімжеттіктің азайып келе жатқанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы