Әскерде жасалатын қылмыстар 28 пайызға төмендеген – министрлік

20 Қыркүйек 2024, 15:33
387
Бөлісу:
Әскерде жасалатын қылмыстар 28 пайызға төмендеген – министрлік
Фото: BAQ.KZ -архив

Қорғаныс министрінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскердегі әлімжеттіктің азайып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кез келген оқиға бойынша мұқият тексеріс жүргізіліп, әскери басқару органдарының бірінше басшыларына қатаң тәртіптік және кадрлық шешімдер қабылданады. Бұл жерде біз қандай да шара қабылдамасақ, бәрі қызмет ететін адамға байланысты екенін түсіну керек. Әскерге шақырылған азаматтар қазірдің өзінде қалыптасқан дүниетаныммен және отбасында, мектепте, достарының арасында алған тәрбиемен келеді. Мұндай жағдайда барлық тыйымдар мен шаралар дәрменсіз, - деді генерал-майор ОКҚ-да өткен брифингте.

Жазықбаевтың сөзінше, қарулы күштердің қатарындағы әлімжеттік соңғы үш жылда 28 пайызға төмендеген.

Егер статистикаға жүгінсек, Қарулы күштердегі соңғы үш жылдағы жарғылық емес қатынастар мен қылмыстар саны 28 пайызға төмендеді. Бұл жердегі жарғы сәйкес емес қатынастар дегеніміз - "дедовщина". Бүкілі 12 әскери қызметші сотталды. Осы жылдың өткен кезеңінде жарғыға сәйкес емес қатынастың 13 фактісі тіркелді. Өздеріңіз көріп отырғандай, жылдан жылға төмендеп келеді. Сонымен бірге, Қарулы күштердің тиімділігі құқық бұзушылықтардың санымен емес, жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындау, Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етуде көрінеді, - дейді Шайх-Хасан Жазықбаев.

Өзгелердің жаңалығы