Бәріміз елдің игілігі үшін қызмет етуге тиіспіз – Тоқаев

8 Ақпан 2022, 12:55
1559
Бөлісу:
Бәріміз елдің игілігі үшін қызмет етуге тиіспіз – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Қазір еліміз күрделі кезеңді басынан өткеріп жатыр. Дүниежүзін жайлаған індеттің беті қайтпай тұр. Соның салдарынан елдегі іскерлік белсенділік төмендеп кетті. Жыл басында болған оқиғалар ұлттық қауіпсіздігімізге зор қатер төндірді. Біз осындай қиын жағдайда ел бірлігінің арқасында мемлекетіміздің қауіпсіздігін, тіпті тұтастығын сақтап қалдық, - деп айтты Тоқаев.

Қазір Үкіметтің басты міндеті - халықтың әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ халықтың табысындағы алшақтықты азайту және еңбек етуге қолайлы жұмыс орындарын ашу. 

Біз жұрттың бизнеспен айналысуына тең мүмкіндік береміз. Қоғамымызда белең алған сыбайлас жемқорлық пен экономикадағы байлар үстемдігінің салдарымен күресеміз. Бәріміз елдің игілігі үшін қызмет етуге тиіспіз, - деп атап өтті Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Өзгелердің жаңалығы