Бақытымызға орай Қазақстан бейбітшілікті сақтап қалды – Александр Лукашенко

13 Қазан 2022, 15:22
2532
Бөлісу:
Бақытымызға орай Қазақстан бейбітшілікті сақтап қалды – Александр Лукашенко

Астанадағы саммитте сөз алған Беларусь президенті Александр Лукашенко жаһандық мәселелер туралы ой қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Пандемия бұрын болған қайшылықтарды қайта ашты. Жаңа геосаяси шындықты құруға негіз болып оты. Шын мәнінде бұл қырық жылдан астам уақыт бұрын қалыптасып қойған. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін өз жеңісіне мас болған ұжымдық Батыс деп аталатын мемлекет жаһандық реттеуші және тұрақтылықтың кепілі функциясын орындай алмады. Оның зардабын бүкіл әлем төлеп жатыр, - деді Беларусь президенті.

Беларусь басышы әлемдік қиындықтарды жақсы түсінетінін айтты.

Жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белгілі бір үлес қостық. Беларусь посткеңестік кеңістіктегі ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан елдердің бірі болды. Бірақ оның орнына не алдық? Нақты халықаралық-құқықтық кепілдіктердің орнына кепілдіктер, Будапешт меморандумы сияқты бос, дәлелсіз мәлімдемелер, тыныш, еңбекқор Беларусьтегі жағдайды шиеленістірді, - деді Лукашенко.

Александр Лукашенконың айтуынша, мұндай сценарий бұрын Украинаның басынан өтіп жатыр.

Мұның бәрі неге әкелді – көріп отырмыз. Бақытымызға орай, 2022 жылы біз осы жер бетінде – Қазақстанда бейбітшілікті сақтай алдық, - деді Президент. 

Өзгелердің жаңалығы