Бақыт Нұрмұханов Ата заңға енгізілетін өзгерістерді түсіндірді

25 Сәуір 2022, 12:55
3199
Бөлісу:
Бақыт Нұрмұханов Ата заңға енгізілетін өзгерістерді түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы елімізде жүргізіліп жатқан демократиялық процестерге тың серпін берді.  Онда Жаңа Қазақстанның келбеті оны құру бағытында тұрған міндеттер және ол міндеттерді шешу жолдары анық көрсетілді. Айтылған бастамалардың  көпшілігі Ата заңда бекітілген қоғам мен мемлекеттің негіздерін қозғайды. Осы мақсатта құрылған арнайы жұмыс тобы Конституцияға түзетулердің жобасын ұсынды, - деді ол «Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар» атты брифингте.

Оның айтуынша, арнайы жұмыс тобына мемлекеттік органдармен қатар  үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және еліміздегі танымал заңгер ғалымдар қатысқан.

Заң жобасында қазіргі таңда елімізде қалыптасқан  «суперпрезиденттік» басқару нысанын одан әрі жетілдіру көзделген. Бұл мақсатта Мемлекет басшысы өзінің бірқатар өкілеттігін басқа органдарға береді немесе олармен келісе отырып, атқарады. Бұл елімізде соңғы кезде жүргізіліп жатқан «орталықсыздандыру» процесінің жалғасы. Өздеріңізге мәлім, 2017 жылы елімізде болған 3 конституциялық реформаның нәтижесінде Мемлекет басшысы өзінің бірақатар өкілеттігін Парламент пен Үкіметке берген болатын, - деді «Арнайы жұмыс тобының мүшесі Бақыт Нұрмұханов.

Өзгелердің жаңалығы