Бақдәулет Ағабек әлем чемпионы атанды

Бақдәулет Ағабек турнирдегі бес белдесуде жалпы 47 ұпай еншілеп, қарсыластарына небәрі үш ұпай ғана беріп, әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды

 instagram.com/kazwrestling_official 1 Тамыз 2026, 23:54
1 Тамыз 2026, 23:54
190
Фото: instagram.com/kazwrestling_official
Қазақстандық балуан Бақдәулет Ағабек Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық балуан Үндістан өкілі Аарьян Аарьянды 10:0 есебімен техникалық басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Ағабек жарыс барысында бес белдесу өткізіп, төртеуін қарсыласына бірде-бір ұпай бермей 10:0 есебімен мерзімінен бұрын аяқтады. Іріктеу кезеңінде тәжікстандық Муслихиддин Ходжиевті, 1/8 финалда болгариялық Эмир Джеватовты, ширек финалда моңғолиялық Темулэн Усухбаярды дәл осындай есеппен жеңді.

Жартылай финалда өзбекстандық Фарух Махмудовпен кездесіп, 7:3 есебімен басым түсті.

Осылайша, Бақдәулет Ағабек турнирдегі бес белдесуде жалпы 47 ұпай еншілеп, қарсыластарына небәрі үш ұпай ғана беріп, әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды.

Наверх