Бану Нұрғазиева: Орталықтың басты міндеті – білікті байқаушыларды дайындау

21 Желтоқсан 2020, 22:39
1411
Бөлісу:
Бану Нұрғазиева: Орталықтың басты міндеті – білікті байқаушыларды дайындау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында сайлауды бейпартиялық байқау орталығының басшысы Бану Нұрғазиева «ADAL» партиясының хатшысы Нұрлыбек Мұқановпен және партиялық байқаудың үйлестірушісі Айжан Молдабаевамен кездесті. 

Бану Нұрғазиева 90-ға жуық елден келген ұлттық сайлау байқаушыларының жаһандық желісіне мүше 250 ұйым қабылдаған қоғамдық ұйымдардың Партиялық емес байқау мен сайлауды бақылаудың жаһандық қағидалары декларациясына негізделген орталықтың қазіргі жұмысы туралы айтты.

Біздің Сайлауды бейпартиялық байқау орталығы өзін шынайы заңды сайлауды қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі ҮЕҰ, барлық мүдделі қоғамдық бірлестіктер, белсенді өмірлік ұстанымы бар азаматтардың партиялық емес байқаушылары үшін шоғырландырушы алаң ретінде көрсетеді. Орталықтың басты міндеті – білікті байқаушыларды дайындау. Біз 10 мыңға жуық адамнан тұратын аймақтық байқаушылар желісін қалыптастыру жөніндегі жұмысты іс жүзінде аяқтадық, олар нақты сайлау учаскелерінде сайлауды байқау функцияларын кәсіби деңгейде орындау мақсатында оқытылуда, - деді ол.

Айжан Молдабаева эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқу үдерісі онлайн режимінде жүргізілгенін, сонымен қатар бұл формат тыңдаушыларды көбірек қамтуға мүмкіндік беретіндігін айтты.

Кездесу соңында Бану Нұрғазиева мен Нұрлыбек Мұқанов қоғамдық ұйымдар мен партиялық байқаушылардың бірлескен күш-жігері сайлау процесінің әділдігі мен адалдығын қамтамасыз етуі керек екенін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы