Банкир алаяқтық жасады және "ОПГ" құрды деп айыпталуда

17 Сәуір 2025, 14:31
641
Бөлісу:
Банкир алаяқтық жасады және "ОПГ" құрды деп айыпталуда
Фото: Арман Мухатов - архив

Ресейлік банкир жаңа алаяқтық ісі мен қылмыстық топ құрды деген айып бойынша тұтқындалуына шағым түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Мәскеуде "Югра" банкінің бұрынғы иесі Алексей Хотин алаяқтық және ұйымдасқан қылмыстық топ (ОПГ) құрды деген жаңа іс бойынша тұтқындалуына қарсы шағым түсірді. 

Банкир алаяқтық жасады және "ОПГ" құрды деп айыпталуда
Фото: РИА Новости / Сергей Мамонтов

Агенттіктің мәліметінше, банкирдің қорғаушылары жаңа қылмыстық іс аясындағы қамауға алу шарасына қарсы апелляциялық шағым берген. Қазіргі уақытта шағым сотта тіркелген, бірақ қарау күні әлі белгіленбеген.

2024 жылдың наурызында сот Алексей Хотинді 23,6 миллиард рубльді (148,5 миллиард теңгеге тең – ред.) жымқыру бабымен 9 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Осы үкімнен кейін сот орындаушылары оның мүлкін өндіріп алу бойынша 13 талап арыз беріп, Мәскеудегі жалпы көлемі 1,5 миллион шаршы метр болатын кеңсе және сауда орындарына қатысты істер қозғаған, - делінген ақпаратта.

Сол талаптар негізінде Four Seasons қонақүйі (Кремльге қарсы бетте орналасқан), "Агат" бизнес орталығы және басқа да жылжымайтын мүліктер мемлекет пайдасына тәркіленген.

10 сәуірде Алексей Хотинге қатысты жаңа алаяқтық ісі бойынша тұтқындалғаны хабарланған еді.

Өзгелердің жаңалығы