Бангладеште аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды

24 Сәуір 2024, 21:10
316
Бөлісу:
Бангладеште аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ -архив

Жаз басталмай, Бангладеште күн күйіп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Сынап бағанасы 43 градустан түсер емес. Аптап ыстықта жұрт күн көзінен қорғанудың амалын іздеп әлек. Жергілікті билік жалпыұлттық ескерту жариялады. 

Мектептер уақытша жабылып, балаларды далаға шығармауын өтінді. Синоптиктердің болжамынша, қатты ыстық бірнеше аптаға жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы