Балық аулаған ШҚО тұрғыны 3 млн теңге айыппұл төлейді

28 Сәуір 2023, 19:50
1067
Бөлісу:
Балық аулаған ШҚО тұрғыны 3 млн теңге айыппұл төлейді
Фото: fishingday.org

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Қызыл кітапқа енген таймен балығын аулағаны үшін үш миллион теңгеден астам айыппұл төлейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заң бұзушы Бұқтырма балық инспекциясы, облысаралық бассейндік инспекция және Алтай ауданы полиция бөлімі қызметкерлерінің бірлескен рейді кезінде ұсталды. Бұл туралы Altaynews жазды.

Балық шаруашылығы комитеті өкілдерінің айтуынша, тайменнің салмағы 4,2 келі болған. Залал мөлшері – 3 105 000 теңге.

Қазір Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы