Балқаш жағалауындағы заңсыз жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Коммерциялық мақсатта берілген жерлер жарамсыз деп танылды.

 ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 11:52
Бүгiн 2026, 11:52
78
Фото: ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов

Жетісу облысында Балқаш көлі маңындағы жер телімдерін заңсыз беру фактілері анықталып, сот шешімімен мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оны Жетісу облысы Жер ресурстарын басқару комитеті аумақтық департаменті Сарқан ауданы әкімдігіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында анықтаған.

Тексеру нәтижесінде Балқаш көліне жақын орналасқан су қорғау аймағында жалпы ауданы 12 гектар болатын 24 жер учаскесінің жер заңнамасы талаптарын бұза отырып, коммерциялық мақсатта берілгені белгілі болды.

Мамандардың айтуынша, су қорғау аймақтарында жер пайдалану тәртібі ерекше бақылауда болуы тиіс. Себебі бұл аумақтар табиғи экожүйені сақтау үшін стратегиялық маңызға ие.

Аталған заңбұзушылықтарға байланысты департамент Сарқан аудандық сотына талап арыз түсіріп, әкімдік қаулыларын және жер телімдерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тануды сұраған. Сот талапты толық қанағаттандырды. Нәтижесінде 24 жер учаскесі,жалпы көлемі 12 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұған дейін Алматының Медеуіндегі 17 млрд теңгелік жер мемлекетке қайтарылғанын айта кетейік. 

Наверх