«Балқаш – Бурылбайтал» жол-құрылыс жұмыстары қашан аяқталады

14 Тамыз 2023, 20:08
976
Бөлісу:
«Балқаш – Бурылбайтал» жол-құрылыс жұмыстары қашан аяқталады
PHOTO
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Қыркүйектің соңына дейін Қарағанды және Жамбыл облыстарының аумағындағы «Орталық – Оңтүстік» көлік дәлізінің 127 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған.Қазір жол-құрылыс жұмыстарының соңғы сатысы жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті мәлімдейді.

«Балқаш – Бурылбайтал» жол-құрылыс жұмыстары қашан аяқталады

Мәселен, «Балқаш – Бурылбайтал» жол учаскесінің 288 шақырымы жаңғыртылуға тиіс. Құрылыс жұмыстарымен Sinohydro Corporation Limited ДББҰ ҚҚ, «Син Мидас Строй «БК» ЖШС, Todini Central Asia және Sinohydro Bureau 16 ЖШС айналысып келеді.

«Балқаш – Бурылбайтал» жол-құрылыс жұмыстары қашан аяқталады

Бұл ретте «Орталық – Оңтүстік» күре жолының құрылысы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік автожолын жаңғырту жобасының аясында жүргізіліп жатқанын естеріңізге сала кетейік. Жоғарыда айтқандай, қыркүйек айының соңына дейін «Балқаш – Бурылбайтал» учаскесінің жалпы 127 шақырымға жететін 3 учаскесін, атап айтқанда 1864-1905, 1905-1955 және 2069-2150 шақырымдары бойынша жол қозғалысын ашу көзделіп отыр. Қазір аталған учаскелерде демалыс алаңдарын, аялдамаларды абаттандыру, жол белгілерін орнату, сондай-ақ таңбалау жұмыстары істеліп жатыр. Бұған қоса санитарлы-гигиеналық тораптармен қамтамасыз етілетін демалыс алаңдары да қарастырылғанын айта кеткен орынды. Сонымен бірге шағын бизнесті дамыту мен жол пайдаланушыларының ыңғайлығы үшін жергілікті тұрғындарға сауда алаңдарын орнатуға мүмкіндік беріліп отыр.

«Балқаш – Бурылбайтал» жол-құрылыс жұмыстары қашан аяқталады

Тұтастай ұзындығы 161 шақырымға жететін – 1955-2005, 2005-2069, 2105-2152 шақырымындағы тағы үш учаскеде жөндеу жұмыстары жалғасып жатқанын атап өткен жөн. Қазір жол жабынын төсеу мен қазу жұмыстары жүргізіліп келеді. Жыл соңына дейін бір жолақпен қозғалысты қамтамасыз ету межеленген.

Өзгелердің жаңалығы