Бали туристердің жүріс-тұрысы мен киіміне бақылауды күшейтеді

10 Наурыз 2023, 22:05
775
Бөлісу:
Бали туристердің жүріс-тұрысы мен киіміне бақылауды күшейтеді
Фото: ria.ru

Бали Туризм кеңесі шетелдік қонақтарды жергілікті мәдени әдет-ғұрыпты құрметтеуге шақыратын науқанды бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы РИА Новости Travel Weekly-ге сілтеме жасап хабарлады.

Бали Туризм кеңесінің төрағасы  Бали Ида Багус Агунг Парта Аднянаның айтуынша, Кута, Семиньяк, Легиан, Чангу, Убуд, Санур, Нуса-Дуа және Улувату сияқты танымал қалалар мен курорттарда он үлкен билборд орнатылады. Жазулар ағылшын тілінде, ал болашақта басқа тілдерде болады.

Туристер Бали халқының мәдени әдет-ғұрыптарын құрметтеуге, қарапайым киінуге, жол ережелерін сақтауға тиіс. Сонымен қатар Балиде оларға тыйым салынған нәрсені жасамауы керек. Мысалы, бизнес жүргізу немесе жұмыс іздеу, - делінген шенеуніктің сөзінде.

Өзгелердің жаңалығы