Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында екі жасар баласын үшінші қабаттан құлатып алған әйелге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Баласымен қонақта болған 20 жастағы қала тұрғыны өз үйіне қайтпақ болғанда пәтер есігі кілттеніп тұрған. Сол кезде мас әйел баласымен бірге балкон арқылы сыртқа шықпақ болғанда бала қарға құлап кеткен. Бірден ауруханаға жеткізілген бала ауыр жарақат алмағаны белгілі болды, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.
Сонда да полицейлер жауапсыздық танытқан әйелге айыппұл салды. Енді ол ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес 30 630 теңге төлеуге міндеттелді.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, әйел адамды ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралмақ.