Баланы сұранысқа ие мамандықта білім алуға бағыттау керек – Біржанов

15 Сәуір 2021, 17:49
2995
Бөлісу:
Баланы сұранысқа ие мамандықта білім алуға бағыттау керек – Біржанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов болашақта 239 жаңа мамандық пайда болатынын айтты.

Сұранысқа сай мамандар картасы әзірленіп, қажетті мамандықтар тізімі жасалды ма деп редакциямыз сауал жолдады.

Қажетті мамандықтар атласын жасадық. Ол тек біздің мемлекетімізде ғана емес, сонымен бірге басқа елдерде қандай өзгерістер болып жатқанын анықтайды. Себебі еңбек нарығы жылжымалы. Мысалы, көп жерде шекара жоқ. Өйткені отандастарымыз шетелге кетіп те жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ елімізге де шетелден келіп жатыр. Дегенмен пандемия кезінде шекара жабылғандықтан, олардың саны азайды. Алайда мұндай процестер болашақта да болып тұрады, - деп жауап берді ол.

Министрік қандай мамандықтар болашақта болмайды, қандай мамандықтар трансформацияға ұшырайды және қандай мамандық сұраныста болатыны жайында сараптама жүргізді.

Сараптаманың қорытындысы бойынша 239 жаңа мамандық пайда болды, 95 мамандық транформацияға ұшырайды.

Мемлекеттік органның атынан сараптама, мәлімет беріп, сол мамандықтар бойынша оқыту жүргіземіз. Айта кететін болсақ, цифрлық технологиялар бойынша жаңа мамандықтар. Сондай-ақ есепшілер, жалақыны санайтын мамандар жойылып бара жатқан мамандықтарға жатады. Себебі қазір технологиялар енгізіліп жатыр, яғни жұмыс орындары қысқартылып, автоматтандырылатынын көрсетеді. Сол себепті қазіргі таңда қандай мамандар сұраныста болады, сол мамандықтар бойынша білім алып, ата-аналары да сол мамандықта білім алуға бағыттаулары керек, - деп түсіндірді вице-министр Ержан Біржанов.
Бұған дейін елімізде қандай мамандар тапшы екені айтылды.


Өзгелердің жаңалығы