Баланы шапалақпен ұруға тыйым салынбақ

4 Қазан 2019, 10:20
2902
Бөлісу:
Баланы шапалақпен ұруға тыйым салынбақ

Алматы, BAQ.KZ. Шотландия Біріккен корольдік құрамындағы ата-ананың баланы шапалақпен ұруына тыйым салған бірінші ел болмақ. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды.

Бұл заң жобасын өңірлік парламентте 84 адам қолдаған, тағы 29-ы қарсы шыққан. Жарғы корольдік рұқсатын алған соң бір жылдан кейін күшіне енеді.

Заң жобасын енгізген Шотландиядағы Жасылдар партиясының мүшесі Джон Финни бұл балалардың құқығын қорғаудағы батыл қадам болды деген ойда.

«Бұл шешуші әрі батыл қадам болды. Балалар үлкендер тарапынан жасалатын зорлық-зомбылықтан қорғалуы керек», - деді ол.

Ұлыбританияда ата-аналар тәртіп үшін баласын шапалақпен салып қала алады. Дегенмен мектептерде балаға күш көрсетуге тыйым салынған. 

Бұл заңды қолдаушылардың айтуынша, баланы шапалақпен тартып жіберген кезде ол әлсіз күйде қалады. Ал заңға қарсы шығып, баланы осы әдіспен тәрбиелеймін деген ата-аналар енді зардап шегетін болады деген ойда.

Өзгелердің жаңалығы