Балаларын өлтірген ақтаулық "Жусан" операциясы арқылы келген бе

3 Мамыр 2023, 15:48
639
Бөлісу:
Балаларын  өлтірген ақтаулық "Жусан" операциясы арқылы келген бе
Фото: Маңғыстау облысы полиция департаменті

Ағымдағы жылы наурызда өз балаларын өлтірген Ақтау тұрғыны қазақстандықтарды Сириядан қайтару жөніндегі "Жусан" операциясының  қатысушысы емес, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаменті хабарлайды.

Учаскелік полиция инспекторының ағымдағы жылдың наурыз айында балаларын өлтірген Ақтау тұрғыны қазақстандықтарды Сириядан қайтару жөніндегі "Жусан" операциясының  қатысушысы болғандығы және есепте тұрғандығы туралы түсініктемесі қайтадан тексерілді. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіндігі анықталды, - делінген ақпаратта.

Осыған байланысты қызметкермен алдағы уақытта мұндай фактілерге жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы