Балалардың спортқа деген ыңғайына қарай бірыңғай веб-портал әзірлеу қажет

2 Наурыз 2022, 12:55
1017
Бөлісу:
Балалардың спортқа деген ыңғайына қарай бірыңғай веб-портал әзірлеу қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Білім және ғылым министрлігімен бірге балаларға қосымша білім берудің бірыңғай веб-порталын әзірлеу мәселесін де пысықтау қажет деп ойлаймын. Бұл бірыңғай веб-портал секциялар мен үйірмелерге баратын балалардың статистикасын жүргізуге, мемлекеттік қаражаттың жұмсалуын қадағалауға және ата-аналар үшін тиісті секцияларға өтінім беруге өте ыңғайлы болады ойлаймын. Бұл жерде де мәселе аз емес, -деді вице-премьер Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында.

Вице-министрдің сөзінше, бұған берілген қаржының нақты, нәтижелі ұйымдастырылуының өзі тікелей міндет.

Бұған кей жерлерде азаматтардың қарсы шығып жатқанын да білемін. Неге десеңіздер, ол өте ыңғайлы. Ешкім балалар қай жерде шұғылданып жатқанына, бапкердің біліктілігі келе ме, келмей ме жауап бермейді. Бір сөзбен айтқанда, ол жердегі азаматтардың нақты жауапкершілігін белгілеу керек, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы