Балаларды тамақтандыру мәселесі назарда – Көлгінов

24 Тамыз 2020, 13:19
1432
Бөлісу:
Балаларды тамақтандыру мәселесі назарда – Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алтай Көлгінов «Білім беруді сандық трансформациялау» тақырыбында өткен қалалық тамыз конференциясының пленарлық отырысының тікелей эфирінде айтты.

Балаларды тамақтандыру мәселесіне де назар аударып келеміз. Ата-аналар, мұғалімдер, директорлар тарапынан шағымдар көп болды. «Тамақтандырудың конкурсы қағаз жүзінде болды. Ашықтық қамтамасыз етілген жоқ» деген шағымдар болды. Сондықтан біз министрлікпен бірге балаларды тамақтандырудың конкурсын онлайн түрде өткіздік. Бұл не үшін қажет? Ең алдымен балалардың қауіпсіздігі үшін. Тамақтың сапасы жақсы болуы керек. Ол үшін біз бәсекелестікті қамтамасыз етуіміз қажет. Яғни сапалы қызмет көрсететін азаматтар адамның қатысуынсыз онлайн түрде сол қызметті көрсете алады. Бұл – өте маңызды мәселе. Біріншіден - ашықтықты және екіншіден - сапаны қамтамасыз етеді, - деді әкім.
Айта кетейік, өткен жылы әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан әр балаға 30 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Биыл оның сомасы 40 мың теңгеге ұлғайды.

Сонымен қатар бүгін өткен қалалық тамыз конференциясының отырысында қала әкімі әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар қашықтан оқыту үшін компьютермен қамтылатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы