Балалар қандай жағдайда Ұлттық қордан ақша ала алмайды

31 Қаңтар 2023, 13:18
1066
Бөлісу:
Балалар  қандай жағдайда Ұлттық қордан ақша ала алмайды
Фото: Айқын

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров кулуарда егер 18 жасқа дейінгі балалар азаматтығын ауыстырса, онда олар Ұлттық қордан қаражат алмайды деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық қордың инвестициялық кірісі теріс мәнде қалыптасса, не болады? Сол себепті тек бір жылдың ғана кірісі ғана есептелмейді. 18 жылдағы орташа жылдық табыс есептеледі. Өйткені ол әрқашан оң мәнде қалыптасады.

18 жасқа толған кезде баланың шотына Ұлттық қордан аударылған  табысқа салық салу жоспарланбайды. Егер бала азаматтығын өзгертсе, онда ол бұл қаражатты алмайды және бұл қаражат басқа балаларға бөлінеді. Жобаға 6,5 млн бала қатысады. Бала шетелге емін-еркі шығып тұра алады, ол өзінің азаматтығын өзгертпесе, онда бұл ақша оған тиесілі болып қала береді. Сондай-ақ, егер 18 жасқа толған кезде ол әлі де ҚР азаматы болса, бұл ақша оған қалады, - деді Әлібек Қуантыров.

Кейінірек министр 2022 жылы немесе 2023 жылы 18 жылға алғашқы табыс алу жоспарланғанын айтты.

Бұл қаражат ағымдағы жылы бөлініп, келесі жылға дайындалады және келесі жылы (балалардың арнайы шоттарына) соңғы 18 жылға есептеледі, - деді ҰЭМ басшысы.

Өзгелердің жаңалығы