Балаева Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесімен құттықтады

28 Маусым 2021, 09:06
3399
Бөлісу:
Балаева Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесімен құттықтады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму миинистрі Аида Балаева БАҚ қызметкерлерін құттықтады. 

Құрметті әріптестер, баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл, тек қана қалам ұстаған журналистердің ғана емес, ақпарат саласында жүрген барлық қызметкерге ортақ мейрам. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Себебі, медиа тек ресми ақпарат таратудың құралы емес, ол – ұлттық қауіпсіздік пен идеологияның да өзегі. Мемлекет саясатын түсіндіруге, халық пен билік арасын жалғайтын алтын көпір. Сондықтан, журналистердің қоғам алдындағы азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікі өте жоғары, - деді министр.


Өзгелердің жаңалығы