Балабақшадағы оқиғаға байланысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр

23 Ақпан 2024, 15:08
642
Бөлісу:
Балабақшадағы оқиғаға байланысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматыда №51 балабақшадағы оқиғаға байланысты полиция департаменті тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

3 жасар баланың ата-анасының арызы бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Балабақша қызметкерлерін, сондай-ақ балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ полиция департаменті балабақшада болған оқиғаға байланысты құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Алматы қалалық полиция Департаменті, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау дерегіне бойынша қылмыстық іс тергелуде деп хабарлайды. Балабақша қызметкерлері мен ата-аналардың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады, – дейді департамент баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Алматыдағы балабақшада бірнеше бала өз қатарласын аяусыз ұрып тастаған.

Өзгелердің жаңалығы