Бала тәрбиесі балабақшадан басталмайды – Жібек Серікқызы

27 Қаңтар 2021, 17:15
1455
Бөлісу:
Бала тәрбиесі балабақшадан басталмайды – Жібек Серікқызы
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы «Абадан» балабақшасының директоры Жібек Серікқызының айтуынша, бала тәрбиесіне балабақшадан емес, құрсақта жатқан кезінен мән берілуі керек.

Бұл туралы ол сайтымыздың «Не әңгіме?» подкаст жобасында айтты.

Бала тәрбиесіне қатысты бірнеше мемлекеттің ең үздік деген бағдарламаларын қарап шықтық. Оның арасында ұрпақ тәрбиесіне аса ұқыптылықпен қарайтын жапон халқы да бар. Демократияны бірінші орынға қоятын батыс елдері де бар. Соларды іріктеп, қазақы менталитетімізге қайшы келмейтіндей етіп «Абадан» бағдарламасын жасап шықтық. Біз үшін ең бастысы баланы ойната отырып, тұлға болып қалыптасуына жол ашу, - дейді Жібек Серікқызы.

Подкасттың толық нұсқасын мына сілтемеден тыңдауға болады.


Өзгелердің жаңалығы