Бал – денсаулық, ананас – байлық. Мерекелік дастарханға не қоямыз?

29 Желтоқсан 2021, 23:05
4068
Бөлісу:
Бал – денсаулық, ананас – байлық. Мерекелік дастарханға не қоямыз?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2022 жыл Шығыс күнтізбесі бойынша барыс жылы. Астрологтар үйіңізде жыл бойы молшылық пен ырыс болуы үшін келер жылды қалай қарсы алу керектігі жөнінде бірнеше кеңес берді. 

Ол үшін дастарханда тоқ сары не болмаса сары түсті заттар, әшекейлер, аксесуарлар не болмаса жемістер болуы керек дейді астролог Александра Нагорная.

Жемістерден апельсин, мандарин, лимон болуы мүмкін. Мұның бәрі сәттілік түстері, Юпитердің түсі. Егер энергия жеткіліксіз болса, үнемі жалқаулық желкеден басып тұрса, онда үстелде энергия үшін қызыл түсті заттар болуы керек. Мысалы, қызыл майлықтар, зергерлік бұйымдар, табақтар немесе дастархан. Бұл энергия алмасуға өіндік септігін тигізеді, - деді ол.

Үстелде гүлдер болуы керек, өйткені келер жыл Венера қамқорлығында өтеді. Сондықтан дастарханға гүл қойып қоюды ұмытпағайсыз, өйткені Венера үйге махаббат тартады. 

Бұл жылы денсаулыққа көп көңіл бөлу керек. Сондықтан зиянды тамақтардан бас тартып,  көбірек күріш пен сүт өнімдерін қолданып, көп су ішу керек.  

Келер жылда үш екі саны бар, ол дегеніміз Айдың энергиясы күшейеді деген сөз. Бұл эмоцияларыңызға өте жауапкершілікпен қарау керек дегенді білдіреді, - деді Александра Нагорная.

Жүйке жүйесін тыныштандыру үшін мысалы, какао немесе қара шоколад, қызылша, бұршақ дақылдыларды, банан, жаңғақтар, құс еті, жидектер, балдыркөк, балық, зәйтүн майын қолдану керек. 

Бал - денсаулық 

Нумеролог Әсел Ыдрысованың айтуынша, үйде байлық пен амандық болуы үшін мерекелік үстелдің ортасына ыдысқа күріш пен тиын салып қою керек.

 Келесі жылы  жаңа дүниелерді сатып алуды ойластырып жүрсеңіз, жаңа жыл қарсаңында жаңа нәрсе кию өте маңызды. Ал келер жыл табысты болсын десеңіз, дастарханға жүзім мен ананас қойып, қалтаңызға ірі ақша салып қойыңыз.  

Жаңа жылдық үстелге бал қою да жақсы ырым. Бұл денсаулықтың белгісі. Сондықтан келесі жылы денсаулығыңыз мықты болсын десеңіз, мерекелік дастарханға міндетті түрде сапалы бал қойыңыз, - дейді Ыдырысова.

Сондай-ақ, үстелде ет болуы керек. Балық пен уылдырық болса тіптен жақсы.

Егер арманыңыз баспаналы болып, үй сатып алуды армандап жүрсеңіз, онда ет қосылған бәліш пісіріп, достарыңыз бен көршілеріңізге дәм татқызыңыз. 

Отбасында махаббат, береке, бірлік, ырыс пен молшылық болсын десеңіз, үсталдің яқтарын жасыл немесе қызыл түсті лентамен байлап қоюға болады. 

Ал қазақстандық сәуегейлердің болжауынша, келер жыл оңды өзгерістер мен сәттіліктерге толы болуы мүмкін. Нумерологтар 2022-дегі сандарды бір біріне қосқанда 6 болады. Бұл жайлылық, үйлесімділік және әдеміліктің белгісі дейді.

Барыс жылы – Қазақстан үшін тұрақты. Билікте айтарлықтай өзгеріс болмайды. Шағын бизнестің тасы өрге домаласа да, халықтың әлеуметтік жағдайы төмендейді. Халықты қымбатшылық қысады.

Бірінші жарты жылдықта азық-түлік, тауар бағасы шарықтайды. Әлеуметтік ахуал нашарлайды. Алайда жылдың екінші жартысында оң өзгерістер күтіп тұр. Баспана арзандауы мүмкін. Өндіріс ошақтары дамиды. Экспорт ұлғаяды. Шетелдік инвесторлар көбейеді, инвестиция құйылады. Жол картасы сынды бағдарламалар қабылданады, халық жұмыспен қамтылады. Одан бөлек, бұл жыл туризм, көлік логистикасы, жол құрылысы дамитын жыл, - дейді маман.

Ал қазақстандық нумеролог Ирина Кальницкая келер жылдың қауіпті күндерін атады. Ол, әсіресе, ақпан айында өте сақ болуды ескертті. Себебі дәл осы айда "әдемі" үш дата бар: 02.02.2022, 20.02.2022 және 22.02.2022.

"Ақпан айы оңайға соқпайды. Бұл әділдік кезеңі. Әр адам қолмен жасағанды мойынмен көтереді. Егер сіз жарты жыл бойы басқаларға жамандық ойласаңыз, жауап беретін сәт жетті. Мысалы, сіз айналаңызда бәрі өтірікші деп санасаңыз, онда ақпанда бәрі сізді алдайды. Яғни, өмірде неге сенсек, сол алдымыздан шығады", - дейді Кальницкая.

Ақпан айын тыныш өткізу үшін өміріңізде болып жатқан оқиғаларға талдау жасап, неге бұл сіздің басыңызға келгенін түсіну қажет.

"Кінәліні іздеу – бекер іс. Егер кінәні өзіңізден емес, өзгеден іздесеңіз, жағдайыңыз одан бетер нашарлайды", - деп ескертті нумеролог.

Маман 2 ақпан күнін гармонияда өткізу үшін тәртіп қажет екенін айтты. Нақты жоспар құрып, соны басшылыққа алу керек. Ашу-ызаға бой алдырмаған абзал. Өйткені дәл осы күндері қандай эмоция болмасын, ол алты еселенеді.

 

Өзгелердің жаңалығы