Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Facebook желісінде Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
Оның айтуынша, сапар барысында өкілдік құрамға Сауда және интеграция, Ұлттық экономика, Еңбек және халықты әлеуметтік қамту және Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері кірген. Делегациямен үш күн бойы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық бойынша маңызды келіссөздер жүргізілген.
Сұлтанов өз жазбасында қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе үш аптадан кейін басталатын ДСҰ-ның алдағы 12-ші министрлік конференциясының күн тәртібі мәселелері бойынша консенсусқа қол жеткізу екенін айтады.АҚШ-тың сауда өкілі Кэтрин Таймен, АҚШ Сауда министрлігі конгрессмендерімен, америкалық Қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі басшылығымен, сондай-ақ АҚШ Сауда Палатасымен, Қазақстан-Америка іскерлік кеңесімен кездестік. Сауда-экономикалық қарым-қатынас мәселелері мен екіжақты байланысты жандандыру жолдары талқыландық, - деді ол.
Еліміз Халықаралық сауда саласындағы соңғы төрт жылдағы осы басты оқиғаның төрағасы ретінде ұйымға қатысушы мүшелерінің кезеңде елдер мен өңірлердің ұстанымдарын жақындастыратын нәтижелі консенсустық шешімдер қабылдауына мүдделі. Әлемнің жетекші экономикасы Сауда өкілдігінің ДСҰ процестері неғұрлым серпінді болуы, қабылданатын шешімдердің инклюзивтігіне байланысты. Ал ДСҰ реформалары барынша тиімді болу тиіс деген көзқарас қаралады. Ең бастысы, дамушы және неғұрлым аз дамыған елдердің пікірлері назарда болуы керек. Әрине, Джексон - Вэниктің түзетуінің «ескі» және ұзаққа созылған сұрағымен байланыстырып, елімізде тұрақты қалыпты сауда қатынастары (Permanent Normal Trade Relations – PNTR) мәртебесін беру мәселесін де көтердік, -деді Сауда және интеграция министрі.
Оның мәлімдеуінше, соңғы төрт жылда келіссөздер қарқынды форматта жүруде.
Биыл 8 қазан күні Конгреске елімізге қатысты түзетулерді жоюға және елімізге PNTR мәртебесін беру үшін шаралар қабылдауға бағытталған заң жобасы енгізілді. Түзетудің күшін жою екі ел арасындағы тауар айналымын арттыруға ықпал ететініне сенімдімін. Пандемия кезіндегі сауда-саттықтың шығындарын ескеретін болсақ, бұл өте маңызды қадам. . Осы жылы пандемияға қарамастан, ерекше көрсеткіштерге қол жеткіздік. Көлемдерді өсіруге сауда ағындарын әртараптандыру ықпал ететін болады. Мысалға біз америкалық компаниялардың АҚШ-қа сирек кездесетін металдарды әзірлеу және жеткізу жөніндегі Қазақстан тарапымен бірлескен жобаларды іске асыру туралы ұсыныстарын қарауға дайынбыз, - дейді Бақыт Сұлтанов.
Сонымен қатар ол Сауда министрлігі қазақстандық өндірістерді әлемдік жеткізу тізбегіне енгізуді көздеп отырғанын мәлім етті.
Мәселен, Boeing компаниясы өз лайнерлері үшін сатып алатын құрауыштардың ауқымды көлемін айтуға болады. «Өскемен титан-магний комбинаты» елімізге титан губкасын жеткізіп отыр, ол одан әрі авиагигант зауыттарына бөлшектер түрінде келеді. Бірақ біздің кәсіпорын да олар үшін өндіре алатын тауарлар номенклатурасын арттыра отырып, ынтымақтастықты кеңейтуге дайын. Сонымен қатар, ӨТМК-де америкалық нарық үшін барлық сапа сертификаттары бар. Америкалық «Valmont Industries» трансұлттық корпорациясымен Қазақстанда якорлық жобаның табысты ілгерілеуіне ықпал ететін мәселелерді сарапқа салдық. Сондай-ақ, Қазақстанның ЭЫДҰ-ға кіру жөніндегі жоспарлары талқыланды. Америкалық тарап бұл мәселені талқылауға ашық екенін және ұйымның мүшелігін кеңейтуді қолдайтынын атап өтті, - деді ол.