БАҚ-та жарияланған сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат әлеуметке кері әсерін тигізеді

22 Маусым 2021, 16:57
3861
Бөлісу:
БАҚ-та жарияланған сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат әлеуметке кері әсерін тигізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Antikor live» жобасында жемқорлықтың әлеуметтанушылық өлшемі туралы өткен брифингте «Стратегия» ӘСЗО президенті Гүлмира Ілеуова айтты.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық туралы түсінік әр өңірде түрлі көзқараспен қалыптасқан.

Сондықтан кез келген мемлекеттік қызметшінің немесе кәсіпкердің өз ісіне немқұрайлы қарауы жемқорылыққа алып келеді. Сыбайлас жемқорлықты қарапайым сөзбен айтар болсақ, ол - жеке қызғушылығы үшін өз қызметін асыра пайдалану. Ол әртүрлі қарапайым халықтан билікке дейінгі тұлға болуы мүмкін. Бұл ұғым түсінігінің тереңдігін біздің сыбайлас жемқорлықпен күресу тарихымыздағы шиеленіскен жолымыздан қарап біле аламыз. Тәуелсіздік алған жылдардың аралағында халық арасында түрлі түсініктер қалыптасты. Бұл қазіргі қоғам арасындағы үлкен дерт, - деді «Стратегия» ӘСЗО Президенті.
Сонымен қатар ол сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтанушылық өлшемінің қоғам ортасындағы маңызын айтты. Оның сөзінше, еліміздің барлық өңірінен әлеуметтік сауалнамалар алу керек. Және оларды нақты түрлеріне қарастырып, жеке-жеке баға беру қажет.
Сыбайлас жемқорлық көрінісін олардың нақты түрлеріне бөліп қарастыруды ұсынған болатынмын. Әлеуметтік сұрақ-жауаптар арқылы біз қай өңірлерде, жерлерде сыбайлас жемқорлықтың артып немесе кемігенін біл аламыз. Мәселен, қарапайым адамдар арасындағы қарым-қатынас түрін қарастырсақ. Оның ішінде азаматтардың бір-біріне қаржылай келісімі. Қысым жасау арқылы сыбайластыққа баруы, алдын ала белгі беруі. Бұның бәрін әлеумет ортасына қалыптастырмаумыз керек, – деді ол.
Ол атағандай, елімізде жемқорлыққа қарсы шаралар ұйымдастырылып келеді. Бірақ әлеуемет арасында кері әсер етіп тұрған факторлар бар.
БАҚ өкілдерінің сыбайлас жемқорлықпен ұсталып жатқан ақпараты әлеуметтік ортаға белгілі бір пайдасын тигізу керек еді. Бірақ керсінше БАҚ-тағы статистикалар мен ақпараттардың таралуы жемқорлықтың көп болып жатқанын көрсетеді. Бұқараның көбі БАҚ бетінде таралған ақпарат арқылы өз бетінше шешім шығарады. Аймақтарды типология бойынша бөліп, нақты қай түрімен күресетіндігімізді білуіміз қажет, – деді Гүлмира Ілеуова.

Олжас АДАЙ
Өзгелердің жаңалығы