Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?

19 Тамыз 2021, 18:41
3078
Бөлісу:
Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?
EX PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы уақытта елорда іргесінде орналасқан Қосшыға көптің назары ауды. Себебі кеше ғана Целиноград ауданына қараған ауыл қалаға айналды. Қазіргі таңда қала жүйесі біршама өзгерісті басынан кешіріп жатыр.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?


Қала мәртебесін алған бұрынғы ауылдың бұған дейінгі су, кәріз бен жол мәселесі әлі де өзекті.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?


Ал тұрғындары маңызы бар шаһарға айналдық деп бөркін аспанға атуда.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?


Халықтың жағдайы мен әкімдіктің пікірін біліп қайту мақсатында Қосшы бағытын бетке алдық.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?


Бас шаһарымыздан небәрі 15 шақырым жердегі Қосшы қаласы Ақмола облысына қарайды.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?


Қосшы мен Нұр-Сұлтан арасы – 20-ақ минуттық жер.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?


Әкімдіктің мәліметіне қарағанда Қосшыда 50 мыңға жуық халық тұрып жатыр.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?


Қосшыда биылдан бастап құрылыс жұмыстарымен қатар тасжолдарды кеңейту істері қарқынды жүргізіліп жатыр. Дегенмен халыққа қызмет көрсететін нысандардың тапшылығынан тұрғындар әбден қажыған.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?


Биыл қатты өзгеріс болды деп айта алмаймын. Емхана жетіспейді. Оған бару үшін қала арасында ұзақ жүруге тура келеді. Оның үстіне арнайы мамандар аз. Мәселен қалада бір ғана УЗИ маманы бар, - деді Лили Тұзбатырова.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?



Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?



Тұрғындардың айтуынша, қалалық жолдан ешқашан көлік үзілген емес. Облыстық маңызға ие трасса жарап тұр.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?



Ал қала ішіндегі жолдың жағдайы, керісінше, қиындап барады.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?


Мұнда әлі де жол төселмеген көшелер бар екен. Халық жол азабын бүгін ғана көріп отырған жоқ. Келер көктем мен күзге қарай қиналатынын айтады.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?


Қала болғанына бәріміздің көңіл-күйіміз көтеріліп қуанып жүрміз. Көпшілік мұндай өзгерісті мүмкіндік ретінде көріп отыр. Күз бен қысқа қарай жол жүруміз қиындайды. Әсіресе, жер үйде тұратындарға ауыр тиеді. Бірақ қазір жолдарды кеңейту жұмыстары жақсы атқарылып жатыр деп есептеймін. Биыл жылдың аяғына дейін жағдай жақсарады деп ойлаймын. Әлі де дамып, қала деген статусқа лайық болса екен деймін, - дейді Қосшы тұрғыны Болат Алтынбаев.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?



Тағы бір қала тұрғыны Досмағанбет Сәкенов жер үйлер үшін су мәселесі өзекті екенін алға тартты.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?


Таяу маңнан су әкелемін. Көпқабатты үйлердің жағдайы жақсарды деп айта аламын. Күнделікті жол жөнделіп жатыр. Әрине, ол кейде ыңғайсыздық тудырады. Кейбір жол бойында анық белгілер салынбаған. Өте алмай абдырап қалатын кездер болады. Тағы бір мәселе – 2017 жылдан бері айтылып келген көше қоқыстары. Бүгінгі күні ол жақсарды. Қаламыздың дамуы кезінде халықтың да мәдениеті жақсара түссе екен деймін. Үкіметтің тәртібіне бәрі бірдей бағынса, дұрыс болады деп ойлаймын, - дейді Досмағанбет Сәкенов.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?


Тұрғындардың шағымын тыңдаған соң мәселені жергілікті әкімдіктің өзінен сұрастарып көрдік.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?


Олардың айтуынша, Қосшы қаласындағы мемлекеттік бағдарламалар аясындағы бүкіл жұмыс әлі де Целиноград ауданының құзіретінде.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?


Осы аптада кезектен тыс сессия өткіздік. Ол жерде үш сұрақ талқыланды. Қосшы қаласының территориясы және қаланың құрылымдық үлгілері, онымен қоса кадр бөлімдері қарастырылды. Қазіргі уақытта заң аясында қаланы құру мақсатында 4 адам жіберіліп отыр. Біз қаланың жұмыс орындарын құрып жатырмыз. Оның заң жүзінде белгіленген уақыты бар. Сол уақытпен белгіленіп, құрылады. Қала әкіміне келер болсақ, ол осы айдың соңына дейін тағайындалуы тиіс. Одан кейін тиісті органдармен заңға сәйкес Қосшы қаласы әкімдігінің қызметкерлерін толықтыра түсу үшін конкурс жариялаймыз. Оның мерзімі 1-1,5 ай уақыт алады. Біз аппаратты құруға тиісті құжаттарды дайындап жатырмыз. Конкурс арқылы мамандар аламыз. Барлығы заң аясында іске асады, - дейді Қосшы әкімінің міндетін атқарушы Берген Жұмкей.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?


Сонымен қатар ол Қосшыда шешімін таппаған проблемалардың бар екенін жоққа шығармады.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?


Көш жүре түзеледі дейді ғой. Иә, Қосшы халқының саны күннен күнге артып келеді. Сұраныс та көп. Толықтай басқару орындары құрылып болғаннан кейін бірінші кезекте қала арасындағы тасжолдарға және су мен абаттандыру мәселесіне баса көңіл аударамыз, - дейді ол.

Қосшы әкімінің міндетін атқарушы Берген Жұмкей Қосшы қаласының көркейетініне кәміл сенеді.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?


Өйткені қаланың бас жоспарында Қосшының кеңейтілетіні көрсетілген. Бұл көшіп келген тұрғындар мен жергілікті халықтың қаламен бірге ілгерлеуіне мүмкіндік береді.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?


Біз қазір құрылу кезеңіндеміз. Әкімшілікпен ақылдасып, халық арасындағы проблемаларды қатар алып жүрміз. Бүгінде жергілікті мәселелер бойынша талдау жасадық. Су мен жарық проблемасы бір жылда немесе келесі жылы шешімін табады деп айта алмаймын. Бұл үлкен жұмыс. Бәрі алдағы уақытта рет-ретімен шешімін табады. Елорданың жанында тұрған Қосшы болашақта ең дамыған қалаға айналатынына сенім мол. Бәрі уақыт еншісінде, - дейді ол.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?


Айта кетейік, биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен Қосшы ауылына қала мәртебесі берілген болатын.

Бақ пен наз: Қалаға айналған Қосшыда қандай мәселе бар?


Өзгелердің жаңалығы