BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалінің алғашқы күні аяқталғаннан кейін «Қазанат» ипподромының аумағында экологиялық акция өтті.
Фестиваль қонақтары еріктілермен бірге аумақты тазалау жұмыстарына қатысып, жиналған қоқысты жинап, алаңды ретке келтірді. Экологиялық акция мерекелік бағдарламаның жалғасына айналып, табиғатқа ұқыпты қараудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.
Іс-шараға қатысушылардың айтуынша, мұндай бастамалар көпшілік жиналатын орындардың тазалығын сақтауға ғана емес, қоғамда экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді.
BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалі 11–12 шілде күндері елордалық «Қазанат» ипподромында өтіп жатыр. Бағдарлама аясында ұлттық тағамдардың дәмін тату, көрмелер, мәдени және спорттық іс-шаралар, ат спорты көрсетілімдері, отбасылық демалыс алаңдары мен танымал өнерпаздардың концерттері ұйымдастырылған.