Бағдат Мусин Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті

24 Маусым 2022, 18:51
1256
Бөлісу:
Бағдат Мусин Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Павлодар облысына болды. 

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сапар аясында ведомство басшысы Павлодардағы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарды қабылдады, өңір жұртшылығымен және IT-мамандармен кездесті.

Мамандандырылған ХҚКО-да азаматтарды қабылдау кезінде Павлодар қаласының тұрғындары министрмен ХҚКО көрсететін қызметтердің сапасы жөнінде сөйлесті. Жалпы, павлодарлықтар ХҚКО жұмысына көңілдері толатындарын жеткізіп, онлайн-форматқа көшу нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді алудағы жеделдік  пен қолайлылықтың айтарлықтай артқанын атап өтті. 

Сондай - ақ, тұрғындар кейбір мәселелер әлі де бюрократияландырылғанын және министрлік тарапынан назар аударуды талап ететіндігін айтты. Азаматтардың сауалдарына жауап бере отырып, министр жақын арада Екібастұзда өзінің мамандандырылған ХҚКО ашылатынын және қала мен аудан тұрғындарына көлік құралдарын ресімдеу үшін облыс орталығына барудың қажеті жоқ екенін айтты.

Торайғыров университетінде халықпен кездесу барысында Бағдат Мусин ведомствоның Мемлекеттік қызмет көрсету, облысты қолжетімді интернетпен және байланыспен қамтамасыз ету, ғарыштық мониторинг бағытында  жүргізіп жатқан жұмыстардың жобалары мен жетістіктері туралы айтты.

Министрлік басшысы қазір қазақстандықтарға онлайн-форматта 18 негізгі құжат қолжетімді екенін айтты, олардың ішінде – жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, неке және туу туралы куәліктер және басқалары бар. Сонымен қатар, Бағдат Мусин Мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде көрсетуге, ал болашақта адами фактордан мүлдем бас тартуға бағытталғанын атап өтті.

Біз алдымызға Мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесінен адами факторды алып тастау мақсатын қойып отырмыз. Жеке куәлікті алуға және оны қайта шығаруға арналған «құжаттандыру терминалы» сияқты жобаларды іске асыру жоспары бар. Қазіргі уақытта бұл жоба Нұрсұлтан қаласының бірқатар ХҚКО-ларында орнатылып жатыр. Бұл қадам  тұрғындарға көші - қон қызметінің қызметкеріне жүгінбей 5-10 минут ішінде жеке куәлікке тапсырыс беруге мүмкіндік береді, - деді Бағдат Мусин. 

Цифрлық ведомство басшысы сондай ақ, бүгінде Павлодар облысы халқының 98% - ы, яғни  758 мың адам Интернет және байланыс қызметтерімен қамтамасыз етілгенін айтты. Қалған 2% жақын арада қосылады.
Тағы бір маңызды мәселе - жайылымдық жерлердің жай-күйін спутниктен бағалау, оның нәтижесінде  облыста 1,8 млн.га жайылымдық жерді өз бетінше басып алу жағдайлары анықталды.

Бұдан басқа, орман ресурстарын космомониторинг арқылы 731 ағаш кесу полигоны анықталды, Павлодар облысының мемлекеттік орман қоры аумағында 144 құрылыс цифрландырылды. Құрылыстардың заңдылығын тексеру мақсатында деректер ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігіне жіберілді. Цифрланған орман алқаптарының жалпы ауданы 225,9 мың га құрады.

Бағдат Мусин «Ақылды қала» жүйесін дамыту мәселесіне де тоқталды. Оның мәліметінше, Павлодар Smart city рейтингінде 13-ші орында тұр, яғни бұл ретте жұмыс істеуді қажет ететін  салалар бар.

Павлодар қаласында 100 адамға 2 бейнекамера орнатылған, бұл әлемдік көрсеткіштерден 7 есе аз. Мысалы, АҚШ-та 100 адамға 15 камерадан келеді. Сондай-ақ, Павлодарда басқа өңірлермен салыстырғанда тұрғын үй-коммуналдық сектор ұйымдарының қызметтерін беру әлі күнге дейін автоматтандырылмаған. ТМС қызметтерін цифрландыру бойынша жұмыстар өңірлік геоақпараттық порталдар базасында жүргізілуде, - деп атап өтті министр. 

Сапар барысында цифрлық ведомство басшысы «Jylygai-Teplitsa» өңірлік IT – Hub-тың жұмысымен танысып, Павлодар облысының IT-қауымдастығымен кездесті. Кездесу барысында Бағдат Мусин ҚР ЦДИАӨМ 2025 жылға дейін 100 мың IT-маман дайындауға ниетті екенін айтты. Ол үшін бағдарламалау мектептеріне гранттар беріледі, өткен жылдың соңында 13 IT-мектепке 100 грант берілді, грант 600 мың теңгені құрайды. Биыл тағы 3 000 грант беріледі.

Бұл ретте 2021 жылы Торайғыров университеті базасында ашылған IT-мектеп бүгіннің өзінде 7 курс бойынша мамандар даярлайды. Қазіргі уақытта 108 сертификат берілді, оның 63-і IT саласындағы курстар бойынша. Білікті IT-мамандарды даярлау бойынша оң динамиканы ескере отырып, Павлодар облысында IT-хаб құру және экожүйені дамыту орынды деп санаймыз.

Жұмыс сапарының соңында Бағдат Мусин Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовпен кездесіп, өңірді цифрландыру саласында дамыту жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Өзгелердің жаңалығы