"Бағасы 700–1000 теңге". Пойыздарда буфеттер ашылды

20 Қыркүйек 2024, 12:46
407
Бөлісу:
"Бағасы 700–1000 теңге". Пойыздарда буфеттер ашылды
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Ұлттық тасымалдаушының электр пойыздарында буфеттер ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

№6829/6830 «Астана-Көкшетау» және №6803/6804 «Астана-Атбасар» бағыттарында қатынайтын электр пойыздарында жолаушыларға жол барысында жеңіл тамақтануға арналған буфеттер ашылды.

Буфет вагонында ыстық тағамдар қарастырылмаған, алайда жолаушыларға күнделікті қолжетімді бағамен жаңа піскен нан-тоқаш өнімдері, сусындар, жеңіл тағамдар, шоколад және ыстық сусындар ұсынылады. Бұл ассортимент жолаушыларға жол бойында жеңіл тамақтанып, сапарды одан әрі ыңғайлы өткізуге жағдай жасайды.

Буфет вагондары электр пойыздарының сапары кезінде жол бойы жұмыс істейді. Буфет вагонында бір жолаушыға арналған орташа чек, сусындарды қоса алғанда 700–1000 теңге шамасында болады.

Айта кетейік, №6829/6830 «Астана-Көкшетау» және №6803/6804 «Астана-Атбасар» бағыттарындағы электр пойыздарының жол жүру уақыты шамамен 4 сағатты құрайды.

Өзгелердің жаңалығы