Бағаны көтерді деген күдікпен «Яндекс.Такси» тексеріліп жатыр

20 Қыркүйек 2022, 16:44
1696
Бөлісу:
Бағаны көтерді деген күдікпен «Яндекс.Такси» тексеріліп жатыр

Монополияға қарсы қызмет «Яндекс.Таксидегі» бағаның қымбаттығына қатысты тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Алматы қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті «Яндекс.Таксиге» қатысты тергеуді бастады. Биыл 18 қаңтарда аталған компанияға қатысты басталған алғашқы тергеуге Кәсіпкерлік кодекстің 169-бабы, 5-тармағында тыйым салынған экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша күдік себеп болған.  

Ал 25 шілдеде Кодекстің 222-бабы, 1-2-бөліміне сәйкес бұл тергеу тоқтатылып, Кодекстің 174-бабына сәйкес тыйым салынған монополиялық жоғары баға белгілері бойынша жаңа тергеу басталды. Жыл басынан бері департаментке «Яндекс.Такси» қызметінің қымбат болуына қатысты алты арыз келіп түскен.

Жоғарыда аталған бапқа сәйкес, үстем немесе монополиялық жағдайды иеленетін нарық субъектісі белгілейтін бағаны тауардың монополиялық жоғары бағасы деп айтады. Заңға сәйкес баға осындай тауарларды өндіруге және өткізуге қажетті шығыстар мен пайданың сомасынан және тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағадан асып кетпеуі керек. 

Өзгелердің жаңалығы