БАӘ елшілігі тұрақты даму мақсаттарын талқылап жатыр

21 Маусым 2022, 15:04
1736
Бөлісу:
БАӘ елшілігі тұрақты даму мақсаттарын  талқылап жатыр
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшілігі тұрақты даму мақсаттары бойынша конференция өткізді.

Жиынға  Мәжіліс депутаты Елдос Абақанов қатысты.

Конференцияда талқыланатын мәселе тек БАӘ үшін ғана емес, әлем үшін маңызды. Мен көп жылдан бері жасыл экономика және экология саласында қызмет еткендіктен бұл тақырып өзіме жақын. Қазақстанның ішкі саясатында әрдайым талқыланып келетін Тұрақты даму мақсаты басым бағыттың бірі. ТДМ-ның үш компоненті бар,- деді Абақанов.

Депутат атағандай, елімізде 2013 жылы жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын қабылдады.

Президенттің тапсырмасымен 2060 жылға дейін төмен көміртекті даму стратегиясы әзірленіп жатыр. Осы бағытта халықаралық серіктестіктің негізінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру өте маңызды,- деді депутат.

БАӘ елшілігінің дипломаты Мира Алазизи конференцияда талқыланған тақырыптар туралы айтып өтті.

Бүгінгі таңда БАӘ энергияның баламалы көздерін 30-дан астам елге енгізді. БАӘ- БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бойынша келісіміне қол қойған алғашқы елдердің бірі. Энергетикалық стратегия 2050 жылға дейін жоспарланған,- деді ол.

Мира Алазизидің айтуынша, Араб әмірліктері энергияның баламалы көздері бойынша ұлттық жобаларды жүзеге асырып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы