БАӘ-ден келген 135 отандасымыз үйлеріне жіберіле бастады

14 Сәуір 2020, 11:00
1209
Бөлісу:
БАӘ-ден келген 135 отандасымыз үйлеріне жіберіле бастады

Алматы, BAQ.KZ. Талдықорған әуежайы арқылы БАӘ-ден елге жеткізіліп, Талдықорған мен Текелі қалаларында арнайы орындарда оқшауланған 135 отандасымыз бүгін өз тұрғылықты өңірлеріне қайтарыла бастады. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Әкімдіктің мәліметінше, елге келгенге дейін де БАӘ-де бірнеше күн карантинде болған бұл жолаушылардың бәрінен келген бетте тиісті анализдер алынып, қорытындысы таза болып шыққан. Енді облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бұл азаматтарды тұрғылықты жерлеріне тегін жеткізіп салу жұмыстары ұйымдастырылуда. 
Талдықорған мен Текелі қаласына жеткізілген 135 азаматтың 10 - Қостанай, 10 – Павлодар,  9 – Алматы, 8 – Шығыс Қазақстан, 6 – Ақтөбе, 5 – Ақмола, 4 – Жамбыл, 2 - Батыс Қазақстан, 2 – Маңғыстау, 2 – Қызылорда, 1 – Қарағанды, 1 – Түркістан облыстарынан, сол сияқты 31-і – Алматы, 27-сі – Нұр-Сұлтан, 16-сы – Шымкент, 1 - Байқоңыр қалаларының тұрғындары. Алдын ала тиісті облыстар мен қалалардың жедел штабтарына азаматтар туралы ақпараттар беріліп, қабылдап алу мәселесі келісілді. Бүгін олар арнайы көліктермен өз өңірлеріне жеткізіледі, - делінген хабарламада.
Шарджа - Талдықорған бағытындағы əуе рейсі 11 сəуір күні сағат 21:30-да елге қонған еді.
Өзгелердің жаңалығы