Бұқтырма су қоймасында үлкен көпір құрылысы басталады

18 Тамыз 2020, 04:45
2148
Бөлісу:
Бұқтырма су қоймасында үлкен көпір құрылысы басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыстағы Бұқтырма су қоймасына салынатын көпірге республикалық қазынадан 5 млрд, ал облыстан 500 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Қазақстандағы ең үлкен нысан салынса, елдің ең шығысындағы алты аграрлық ауданда көлік-логистика мәселесі шешіледі. Қатонқарағай мен Алтай ауданына барып-келу жолы 500 шақырымға қысқарады.

Ал көпірдің жалпы ұзындығы – 1300 метр, ені 9 метрге жуық болады. Экономикалық ерекше маңызы бар бұл көпірді салу жөнінде өткен жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қаржы бөлуді тапсырған. Осыдан соң бірден жобасы жасалып, көпірді салуға 30 млрд теңге қажет екені нақтыланған. Ал алып нысанды салуға Жапония, Түркия және Қытай мемлекеттерінің құрылыс компаниялары ынта танытып отыр.

Өткен жылы жобаны бастау үшін республикалық бюджеттен 5 млрд теңге бөлу жөнінде өтінім бергеміз. Ал облыстық қазындан 500 млн бөлінді. Қазір осы бөлінген қаржымен жұмыс бастау үшін  конкурс басталды, - дейді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының  орынбасары Нұрбек Тұраров.

 



Өзгелердің жаңалығы