Бүгінгі Жолдауды күттірмейтін істер бағдарламасы деп бағалауға болады – Расул Жұмалы

1 Қыркүйек 2020, 17:00
1864
Бөлісу:
Бүгінгі Жолдауды күттірмейтін істер бағдарламасы деп бағалауға болады – Расул Жұмалы

Алматы, BAQ.KZ. Саясаттанушы Расул Жұмалы мемлекет басшысының халыққа Жолдауын күттірмейтін істер бағдарламасы деп бағалауға болады, деген пікір білдірді.

Оның айтуынша, әрбір Қазақстан азаматы осы үндеуден өзін мазалаған, көкейінде жүрген сұрақтарға нақты және түсінікті тілде жауап тапты. 
Рас, көтерілген мәселердің бірталайы алдыңғы кезеңдерде де талай айтылды. Бірақ көбіне құрғақ сөзден ары кете қоймады. Бұл жолы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік орындардың жауапкершілігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін нақты тетіктерді енгізді. Сондай-ақ экономика, әлеуметтік сала, кәсіпкерлік, басқа да бағыттарда жаңа міндеттерді жариялап қана қоймай, оған жетудің айқын қадамдарын ұсынды, - деп жазды ол facebook-тегі парақшасына. 
Сонымен қатар, ол Жолдауды дайындау барысында Президент-реформатордың командасы елдегі шынайы ахуалды ұғынып ұтымды жаңа шешімдерді қабылдау тұрғысында үлкен жұмыс атқарғаны көрініп тұрғанын айтты.
Енді ең маңыздысы Жолдау науқаншылдыққа айналмай, кешенді де ауқымды істердің басы болғаны. Әлбетте, бірінші кезекте бұл биліктің жауапкершілігін алға тартады. Сонымен қатар Азаматтық қоғам да қолда бар құқықтар мен мүмкіндіктер аясында белсенділік танытқаны, реформаның қозғаушы күшіне айналуы қажет. Онсыз ең керемет деген бастаманың өзі діттеген мақсатына жете алмайтыны анық, - дейді Расул Жұмалы.
Өзгелердің жаңалығы