Бүгін металлургтер мерекесі

21 Шілде 2019, 09:50
3787
Бөлісу:
Бүгін металлургтер мерекесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін металлургтер күні. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашадағы Жарлығы бойынша шілденің үшінші жексенбісі металлургтер күні ретінде аталып өтіледі.

Өнеркәсіп өндірісіндегі сан-алуан жұмысшы мамандықтарының көптігі өмірге бүкілхалықтық салалық мерекелердің пайда болуына әсер етті. Соның бірі Металлургтер күні.

Металлургия (грек сөзіне аударғанда – метал өңдеймін) – ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы. Металлургия – түсті және қара, галламды, өте жоғары температурада (2000-20000 К) өтетін плазмалы және лазермен өңделетін Металлургия болып ажыратылады: орындалатын процестерге байланысты пирометаллургия және гидрометаллургияға бөлінеді.

Қара металлургия – металлургияның ғылымы мен техникасының қара металдар өндіруде кен шикізатын қазып алудан бастап, оны өңдеп шойын, ферроқорытпа, болат, илек, құбыр, рельс, т.б. өнімдерді алуға дейін қамтитын саласы. Қазақстан қара металлургиясының байлығы мен болашағы – темір кендері. Оның негізгі қорлары Қостанай, Қарағанды және Жезқазған облыстарында шоғырланған.Қара металл шикізатының базасы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинаты мен Лисаковск комбинатында өндіріледі.

Түсті металлургия – кен шикізаттарын өндіру мен өңдеуден бастап, дайын өнім алуға дейінгі түсті металдармен олардың қорытпалары өндірісін қамтиды.

Галламды металлургия – су ерітінділерінен галламдарды химиялық жолмен қалпына келтіру арқылы металдар мен олардың қосылыстарын алу процестерін зерттейді. Металлургияның бұл саласы дүниежүзінде алғаш рет Қазақстанда 1960 жылдан бері жасалады.

Плазма металл бетін тазалауда және әр түрлі беттерді металмен қаптау технологиясында, термоядролық зерттеулерде, плазма химиясында, т.б. қолданылады.

Қазақстанда Металлургия саласы бойынша «Металлургия және кен байыту институты», Химия-металлургия институты, Қазақ ҰТУ нәтижелі табыстарға қол жеткізіп келеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев металлургтерді олардың кәсіби мерекесімен құттықтады.

Өзгелердің жаңалығы