БҰҰ Даму бағдарламасы SmartСity-2019 сессиясын өткізді

28 Қараша 2019, 14:33
2585
Бөлісу:
БҰҰ Даму бағдарламасы SmartСity-2019 сессиясын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Төмен көміртекті дамуға арналған орнықты қалалар" ПРООН-ГЭФ жобасы "Үй құрылыс – Экспо. SmartСity-2019" көрмесі шеңберінде арнайы сессия өткізді.

Мұнда мемлекеттік және жергілікті органдардың, ТКШ, ҮЕҰ, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, ғалымдар және журналистер көпқабатты тұрғын үйлерге термомодернизация технологиясын енгізу мәселесін талқылады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ғимараттарымыздың 70% қыс мезгілінде айтарлықтай жылу жоғалтады. Сарапшылар ғимараттарда жылу сақтау әлеуеті жылу энергиясының 20%-дан 50%-ға дейін құрайтынын анықтады. Олардың есептеуінше, ғимараттардың жылу энергиясын тұтыну деңгейі жылына 230-270 кВт сағ/м2 құрайды, ал орташа еуропалық көрсеткіш – 70-100 кВт сағ/м2. Бұл едәуір қаржы шығынына ұшыратып, отын көлемінің көп жұмсалуына байланысты біздің қалаларымыздың ауа сапасын айтарлықтай нашарлатады. 
Ескірген тұрғын үй қоры тиісті энергия тұтыну деңгейін қамтамасыз ете алмайды әрі ғимараттарды термодернизациялау қажеттілігі өте орасан. Сарапшылар ғимараттарды нарықта қолжетімді энергия сақтау технологиясын қолдана отырып жөндеу жүргізуді ұсынады. Алайда жаппай термомодернизация жасау үшін қаражат керек, сондай-ақ  энергия сақтау технологиясын ғана емес, ғимараттарды басқаруды да, тұрғындармен жұмыс жасауды ұйымдастыруды да терең білуді қажет етеді, - делінген ақпаратта.

Сессия шеңберінде инвестициялау мәселесін талқылап, ғимараттарды термомодернизациялау және басқару бойынша нәтижелі тәжірибелерге шолу жасады, көпқабатты тұрғын үй қорының энергия тиімділігі проблемалары мен оларды еңсеру шараларын нақтылады.

гиф.jpg

Мемлекеттік және жергілікті билік органдардың, энергетика және ТКШ басқармасының, тұрғын үй инспекцияларының басшылары мен мамандары, кондоминиум нысандары басқармасы органдарының жетекшілері (ПИК және т.б.), тұрғындар кеңесі, ҮЕҰ,  НПО, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары мен мамандары, жобалау ұйымдары, басқарушы компаниялар, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар, бизнес құрылымдары, энергия сақтаушы жабдықтарды өндіруші кәсіпорындардың басшылары, ЖОО, ҰЗИ ғалымдары қатысты.
БҰҰ ДБ-ЖЭҚ "Төмен көміртекті қалаларды дамыту" жобасы аясында көппәтерлі тұрғын үй қоры мен оған тиесілі  территорияны кешенді жаңғыртудан өткізу арқылы пилоттық қалалардың бірінде қоршаған ауаға шығарылатын парникті газдарды азайту және тәжиірбені тарату жоспарланған.
Пилоттық жобаның мақсаты – қала территориясын басқару мен жаңғыртудың және қала тұрғындарына тұрақты, әрі сенімді қызмет көрсетудің кешенді тәсілдерін насихатау, - делінген хабарламада.

Жобаны іске асыру барысында Нұр-Сұлтан  қаласы әкімшілігі қала басқармаларына ауладағы инженерлік жүйелерді ауыстыру, территорияны абаттандыру және пилоттық үйлердің төбе жабындарын қаржысы қайтарымды механизм бойынша жөндеу жұмыстарын міндеттеген. 

Өзгелердің жаңалығы