Бұқар жырау ауданында қой шаруашылығы мегафермасы салынады

6 Қараша 2019, 02:28
3953
Бөлісу:
Бұқар жырау ауданында қой шаруашылығы мегафермасы салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұқар жырау ауданында кемінде жарты миллион бас қойы бар мегаферма салынбақ, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Инвестициялық жобаның бастамашылары аудан әкімі Шагурашид Мамалиновпен кездесіп, өз жоспарлары туралы әңгімеледі.

Компания өкілдерінің айтуынша, инвестиция шамамен 20 млрд теңгені құрайды және жобаны жүзеге асыру 1200 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Заманауи технологиялар бойынша ет өңдеу зауытының құрылысы қарастырылған.

Отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін 11 га жер учаскесі қажет. Қазақстандық қамту 100% құрайды.

 

Өзгелердің жаңалығы