Түркістанда азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілді

18 Желтоқсан 2019, 10:49
3650
Бөлісу:
Түркістанда азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімдігінің бастамасымен сала мамандары Түркістан қаласындағы сауда орындарында мониторинг жүргізді.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылдың 13 желтоқсанда Түркістан қаласындағы "Шапағат", "Дастархан", "Дастан", "Береке", "Бәйтерек", "Жібек жолы" сауда үйлерінде және "Қуаныш", "Алтын бұлақ" базарларында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді. 

Сондай-ақ, үстіміздегі жылы желтоқсанның 14-і күні Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мусаев және облыс әкімдігінің қызметшілері алда келе жатқан мерекелер қарсаңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу жөнінде кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - делінген хабарламада.

Мамандар жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сауда орындарындағы нарықтың қалыпты екеніне көз жеткізді және базардағы тауарлардың бағасы үнемі қадағалауда болатынын айтты.

Шараның мақсаты - халық жиі тұтынатын тауарлардың құнын өсірмей, азық-түлік бағасын тұрақтандыру.

Өзгелердің жаңалығы