Әзиз аналар жайлы жаңа кітап оқырманға жол тартты

2 Сәуір 2021, 19:33
3849
Бөлісу:
Әзиз аналар жайлы жаңа кітап оқырманға жол тартты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асыл текті әзиз аналар жайындағы жаңа кітап оқырманға жол тартты.

Анам, жазушы Шәрбану Бейсенованың «Ұлы дала арулары» деген сериямен жарық көрген еңбектері көпшілікке белгілі. Осыған дейін «Сүйінбике», «Бозоқ аруы» атты туындылары басылып шыққан еді. Бүгін аталған серия аясында «Ұрпағына ұран болған аналар» атты үшінші кітап қалың оқырманға жол тартты, - деп жазды facebook-тегі паратшасында Мәулен Әшімбаев.

Әзиз аналар жайлы жаңа кітап оқырманға жол тартты

Бұл еңбекте тарихымызда есімдері ерекше аталатын аяулы аналарымыз бен ару қыздарымыздың ұлтқа үлгі, ұрпаққа өнеге болатын тағылымдары және елдік мүдде жолындағы игілікті істері кеңінен қамтылып жазылған.

Әзиз аналар жайлы жаңа кітап оқырманға жол тартты

Соның ішінде Бөрте ханым, Қызай, Абақ, Қарқабат аналарымыз туралы құнды деректер келтірілген. Елдік істерге араласып, отбасының ғана емес, тұтас ұлттың ұйытқысы бола білген Рәбия Сұлтан бегім, Жаған бике ханым, Бопай ханым сияқты тарихи тұлғаларымыз да назардан тыс қалмаған.

Әзиз аналар жайлы жаңа кітап оқырманға жол тартты

Кітаптың алғысөзінде айтылғандай, «Ұлы дала арулары» сериясымен жазылған еңбектерде тарихымыздағы аңыз да абыз аналарымыздың бәрі қамтылмағаны анық. Сондықтан алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады деп сенеміз. Өйткені мұндай туындылар – ұлттың шежіресінен сыр шертетін тарих қана емес, жас буынға айтар өсиеті мол қымбат қазына. Қазіргідей ақпараттар заманында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу тұрғысынан да ұтымды дүние екені сөзсіз, - деді Әшімбаев.

Жаңа кітапты көпшілікке таныстыру рәсімі Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалында өтті.

Әзиз аналар жайлы жаңа кітап оқырманға жол тартты

Тұрсын Жұртбай, Сауытбек Абдрахманов, Жанболат Аупбаев ағаларымыз және басқа да қаламгерлер сөз сөйлеп, еңбектің алдағы жалғасы жөнінде өз ұсыныстарын білдірді. Осы ретте туындының тұсаукесер рәсімін ұйымдастырған Жазушылар одағының елордалық филиалына, оның басшысы Дәулеткерей Кәпұлы бауырымызға, Әлібек Асқаров ағамызға және осы еңбектің жарық көруіне атсалысқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Асыл текті әзиз аналарымыз жайындағы жаңа кітаптың оқырманы көп болсын, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы