Азия ойындары: Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты

1 Қазан 2023, 11:00
946
Бөлісу:
Азия ойындары: Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Стенд атудан трап бағдарламасы бойынша командалық сайыста Қазақстанның әйелдер құрамасы қола медаль иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның әйелдер құрамасы сапында Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова және Анастасия Прилепина өнер көрсетті. Олар жалпы есепте 334 ұпай жинады.

Бірінші орынды Қытай спортшылары (354 ұпай), екінші орынды Үндістан (337 ұпаймен) командасы иеленді.

Қазақстан құрамасы медальдық кестеде 12-орында тұр. Құрама қоржынында 26 медаль бар: 19 қола, 4 күміс және 3 алтын.

Өзгелердің жаңалығы