«Азия дауысы» фестивалі қайта оралды

30 Шілде 2023, 10:10
924
Бөлісу:
«Азия дауысы» фестивалі қайта оралды
Фото: m.123ru.net

19 жылдық үзілістен кейін «Медеу» мұз айдынындағы өнер шарасы дәстүрлі форматтан өзгеше ұйымдастырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азия дауысының алғашқы күні отандық өнер жұлдыздары мен танымал тұлғалар шақырылған. Медеу мұз айдыны үш күн әнмен әрленеді. Қайта жаңғырған Азия дауысы бұрыңғыдан да ауқымды. Ұмыт болған фестивальдің бірінші күнінде Moldanazar, RaiM, Ерке Есмахан, Мирас Жүгінісов, Мархаба Саби отандық өнер жұлдыздары сахнаға шықты.

Бұның жалғасы болады деген ниетіміз бар. Сол үшін біз демеушілермен сөйлесеміз. Келесі жылы болса халықаралық деңгейде өтеді деген ешқандай күмәніміз жоқ. Өйткені, өзіміздің түркі тілдес мемлекеттердің, көрші мемлекеттердің әртістері, дарынды балалары, жұлдыздары келіп, осы сахнада өнер көрсетсек деген ниет білдіріп келе жатыр, - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Азия дауысының екінші, үшінші күндері әлемге танымал әншілермен әрлене түседі.
 

Өзгелердің жаңалығы