Азия чемпиондары Алматыға оралды

28 Қазан 2023, 22:15
671
Бөлісу:
Азия чемпиондары Алматыға оралды
Фото: автордан baq.kz

IV Азия Пара ойындарына қатысқан Қазақстан спортшылары елге оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ханчжоу қаласында өткен Азия Пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алматыға келді. Азия пара ойындарында Нұрдәулет Жұмағали жүзуден Азия пара ойындараның екі дүркін чемпионы атанған еді.

Азия чемпиондары Алматыға оралды
Азия чемпиондары Алматыға оралды

Азия Пара ойындары жоғары деңгейде өтті. Қытай тарапы Азиадаға жақсы дайындалған. Тіпті Токиодағы олимпиада ойындарымен салыстырғанда ұйымдастыру деңгейі мықтырақ деуге болады. Алдыңғы әлем чемпионатында әлсіздеу жүзгенмін. Ал бұл жарыста жеңіске жетіп, жаңа Азия рекордын қою бұйырыпты. Енді 1-2 апта демалып, жаттығуды қайта бастаймыз. Жаңа жеңістерге, жаңа жүлдегерге ұмтыламыз, - деді Азия Пара ойындарының екі дүркін чемпионы Нұрдәулет Жұмағали.

Айта кеткен жөн, 22-28 қазан аралығында Қытайда өткен жарысқа Қазақстан тарапынан 131 атлет спорттың 14 түрінен қатысып, 8 «алтын», 12 «күміс» және 21 «қола» медальмен командалық есепте 11 орынға тұрақтады. Жарыста спортышларымыз, 3 Азия және 4 Азия Пара ойындарының рекордын орнатты.

Азия чемпиондары Алматыға оралды

Бұл менің алғашқы Азия Пара ойыным. Жарыс өте қарқынды өтті. Қарсыластарым мықты болды. Дегенмен жеңісті қолдан бермеуге тырстым. Байрақты бәсекеге 1 жыл уақытымды арнап, жақсылап дайындалдым. Елімнің көк барағын көкте желбірте алғаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта Париждегі пара Олимпиадасына жақсылап дайындалып, жеңісті қолдан бермейміз деген сенімдеміз, - дейді пара жүзуден алтын жүлдегері Кенжебек Диас.

Өзгелердің жаңалығы