Азия чемпионатында топ жарған боксшыға 10 мың доллар беріледі

24 Мамыр 2021, 21:10
1981
Бөлісу:
Азия чемпионатында топ жарған боксшыға 10 мың доллар беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Азия чемпионатында жеңімпаз атанған және жүлдегер болған боксшыларға берілетін жүлде қорын бекітті. 

24 мамырда Дубайда (БАӘ) құрлық біріншілігі басталады. Бұл додаға Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы қатысып жатыр. Азия чемпионатында топ жарған боксшы 10 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындалды. 

Екінші және үшінші орынға 5 мың және 2,5 мың доллар көлемінде берілмек.

Мұндай ай ақпаратты Қазақстан бокс федерациясы таратты. 

Айта кетейік, Азия чемпионаты 1 маусымға дейін жалғасады. Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы негізгі құраммен өнер көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы