«Әзірет Сұлтан» музейіне 50-ге жуық құнды мұра табысталды

6 Қараша 2021, 12:09
1930
Бөлісу:
«Әзірет Сұлтан» музейіне 50-ге жуық құнды мұра табысталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде дәстүрлі «Музейге сый» акциясы өтті. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлады.

WhatsApp Image 2021-11-06 at 11.54.58.jpeg

Тарихы атақты Әмір Темірден бастау алатын акцияға 50-ге жуық құнды мұра тапсырылды. Олардың қатарында халық арасында сақталған құнды қолжазбалар мен көне баспалар және қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан зергерлік әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар бар.

WhatsApp Image 2021-11-06 at 11.54.59.jpeg

Музейлерде жинақталған жәдігерлер - қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан төл мәдениетінің материалдық және рухани өмірде жеткен жетістіктерінің жемісі. Өйткені кез келген халықтың рухани болмысы оның материалдық дүниелерінде көрініс беріп отыратыны белгілі. Музейге қабылданған әрбір затты мемлекет қарауына алынған күннен бастап оны болашақ ұрпаққа жеткізу сынды жауапкершілік пен қатар музей қорын толықтырып отыру да музей қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің бірі.

WhatsApp Image 2021-11-06 at 11.55.00.jpeg

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейіндегі қорды толықтыру мақсатында өткізілетін «Музейге сый» акциясында жәдігерлер екі бағытта қабылданады. Құнды дүниелер негізгі қор есебіне қабылданса, экспозиция және көрме құруға көмекші құрал ретінде пайдаланатын жәдігерлер ғылыми көмекші қорға тіркеледі.

WhatsApp Image 2021-11-06 at 11.55.31.jpeg

Қазіргі күні 25 560 дана жәдігер мемлекеттік тіркеуге алынса, оның ішінде сыйға берілген жәдігерлер саны 1 895 дананы құрайды. Бүгінгі шараға да атсалысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен музей жанашырлары хабарласып, мұраларды тапсыруға ниет білдірді. Акция барысында көптеген құнды дүниелер келіп түсуде. Тарихи материалдарды музейге өткізіп жатқан барша азаматтарға алғыс білдіремін, - деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков.
WhatsApp Image 2021-11-06 at 11.55.29 (1).jpeg

«Музейге сый» акциясы барысында Түркістан қаласының тұрғыны Алиакбар Артықұлы Жалилов ұстаздары мен ата-бабаларынан мұраға қалған 26 тарихи кітап табыстады. Олардың қатарында Құран кәрімнің тәфсирі (түсіндірмесі), Пайғамбарлар өміріне қатысты «пайғамбарлар қиссасы», Мұхаммед (с.а.у) пайғамбарымыздың хадистері, түркі халқына ортақ ұлы ақын, ойшыл Әлішер Науаидің «Науаи» атты еңбегі, «Далаил Хайрият» (жақсылық дәлелдері), «Бустан ул шариат» (шариғаттың бағы), фикһ (шариғат) кітаптар мен «Ғиясул луғат» (арабша-парсыша сөздік), араб тілінің грамматикасы туралы жазбалар мен бірнеше діни шығармалар бар.

WhatsApp Image 2021-11-06 at 11.55.27 (2).jpeg

Музейге сыйға берілген өзге де тарихи жәдігерлер қатарында VII-IХ ғғ, тән қыш саптыаяқ, ХIII ғ, кезеңіне жататын 14 дана мыс тиын, зергерлік бұйымдар, тарихи кітаптар мен қыш ыдыс бұйымдары бар.

Шара аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Үлкен ақсарай бөлмесінің жаңартылған экспозициясына үлесін қосқан Алматы қаласының тұрғыны Талғат Шәймерденұлы 2 дана қасқыр терісін тапсырды.

WhatsApp Image 2021-11-06 at 11.55.29 (3).jpeg

Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген Бейбаулы батыр Өтейұлының Қостанай облысындағы ұрпақтары Түркістан қаласында тыныс тапқан би-батырлар жайлы құнды кітап ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы