Азиада: Батуттық гимнастикадан отандық спортшы қола медаль алды

2 Қазан 2023, 14:11
881
Бөлісу:
Азиада: Батуттық гимнастикадан отандық спортшы қола медаль алды
Фото: Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналы

Қазақстан қоржынына Азиаданың кезекті қола жүлдесі түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналына сілтеме жасап.

Батуттық гимнастикадан әйелдер арасында ел намысын қорғаған Виктория Бутолина финалда 52.600 ұпай олжалап, үшінші орынға табан тіреді. 

Азиада: Батуттық гимнастикадан отандық спортшы қола медаль алды

Бұл – Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында ел қоржынына түскен жиырма алтыншы қола медаль

Өзгелердің жаңалығы