Азиада-2023: Отандық спортшы қола медальға қол жеткізді

5 Қазан 2023, 16:14
640
Бөлісу:
Азиада-2023: Отандық спортшы қола медальға қол жеткізді
Фото: Sabirov Sali

Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналы мәліметінше, грек-рим күресінен 29 жастағы Әлімхан Сыздықов 130 келі салмақта қола жүлде үшін белдесуде Түркіменстан палуаны Айбегшазада Курраевтан 5:1 есебімен басым түсті. 

Осылайша, грек-рим күресінен 6 салмақта жүлдеге таласқан Қазақстан спортшыларына 1 күміс, 2 қола жүлде бұйырды.

Өзгелердің жаңалығы